Қостанайда екпе алушылар көбейген

Қостанай облысы бойынша 117 мың 331 адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады.

Жартысынан астамы екінші компонентін салдырған. Мамандардың айтуынша соңғы айда екпе алушылар қатары артқан. Вакциналаудан ұжым болып, өтіп жатқандар да бар. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары белсенді. Мысалы Гүлвира Құдайқұлова басқаратын мейрамхана ұжымы бірауыздан екпе салдырамыз деп шешкен. «Көпшілікпен жақын байланыста жұмыс істейтіндіктен, өзгенің де жағдайын ойлап, осындай тоқтамға келдік», – дейді кәсіпкер.

Гүлвира Құдайқұлова, кәсіпкер:

Қазір біздің әрбір қызметкердің вакциналау құжаты бар. Менің ойымша бұл аса қажет. Психологиялық тұрғыда да бір сенімділік пайда болады. Індетке осылай көп болып қарсы тұрсақ, оны жеңе аларымыз анық.

Сондай-ақ...