«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті

Елімізде соңғы 8 жылда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 5 есе артты.

Бұл туралы Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Жалпы жиында 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесі талқыланды. Құжат электр өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 3 процентке, ал газ электр станцияларының үлесін 20 процентке дейін арттырды. Орнықты даму міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Құжат Еуропа елдерінің тәжірибесіне үңіліп, еліміздегі кәсіпорындарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Премьер-министр Асқар Мамин жауапты мекеме өкілдеріне «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманың өзектілігін арттыруды тапсырды.