Алматыда Президенттің саяси бастамалары талқыланды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Андрей Чеботорев мемлекет басшысының негізгі бастамаларын жіліктеп, талдамалық баяндама әзірлеген.

Коронавирус пандемиясына қарамастан Президенттің саяси бастамалары бірте-бірте жүзеге асырылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен құқық қорғау саласына жіті көңіл бөлген. Одан кейін ауыл әкімдерін сайлауға өзгеріс енгізіп отыр. Сарапшылар "мұндай өзгеріс саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне өткенімізді аңғартады" дейді.