424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысы азық-түлік өндіруден алда тұр

  • 117
  • UPD: 01:48, 26.06.2021

Бұл – өңірге өзінің ірімшігімен танымал Жақсы ауданындағы «Айбат» сүт зауыты. Өндіріс ошағында күніне 6-7 тонна шикізат өңделіп, оның негізгі бөлігінен ірімшік алынады. Кәсіпорында 8 адам жұмыспен қамтылған. Айтуларынша, ірімшік өндіру оңай шаруа емес. Дегенмен, аймақ тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету үшін олар барын салуда.

Айта кетейін, 2010 жылы аталған зауыттың ірімшігі «Қазақстанның үздік тауары» номинациясының жеңімпазы атанды.

Галина Валабуева, Сүт зауытының Бас технологы:

– Ірімшік 45 тәулікте толық пісіп-жетіледі. Міне, осы уақыт аралығында күн сайын оны аударып, сылап отырамыз. Ал оны қайнатудың өзі 6 сағатқа созылады. Осы кезде оның температурасын, араласып тұруын үздіксіз бақылау қажет. Осының бәрі қолмен жасалады. Қысқасы, ірімшікті жас балаша баптаймыз.

Жалпы облыста ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін 50 шақты кәсіпорын бар. Оның 15-і сүт зауыты болса, тағы осынша ет өңдеу комбинаттары жұмыс істеуде. Қалғандары өсімдік майы, жарма цехы және ұн өнімдерін шығаратын өндіріс ошақтары. Алдағы жылы олардың қатарына тағы бірнеше нысан қосылады деп отыр сала мамандары.

Уәлихан Ескендіров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің Бас маманы:

– Қазір Бұланды ауданындағы өсімдік майын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Олар жылына 35 мың тонна өнім өндіретін болады. Сондай-ақ Көкшетау қаласында жасымық өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр. Ақмолалық азық-түлік өндірушілері бүгінде облысты ғана емес, елорданы да қамтамасыз етіп отыр.

Ал 2025 жылға қарай аймақта ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін тағы 50 шақты кәсіпорынды іске қосу жоспарда бар. Мамандардың айтуынша, қазір аталған инвестициялық жобалардың құжаттары әзірленіп жатыр.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы