Сарандағы үйлер қалпына келтіріліп жатыр

Қарағанды облысындағы Саран қаласында тұрғын үйлер қалпына келтіріліп жатыр.

25 мың адам тұратын шағын ауданда келер жылдың соңына дейін 510 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 300-ден астамын үй кезегінде тұрғандар алады. Қалғаны өндірістік аймақта шоғырланған кәсіпорын қызметкерлеріне беріледі.

Наталья Демина бұл екі бөлмелі пәтерді 10 жыл күтті. Осы уақыттың ішінде ол отбасымен пәтер жалдап келді. Енді бүгін Наталья өз пәтеріне қол жеткізіп, арманының орындалғанына қуанышты.

Наталья ДёминаСаран қаласының тұрғыны:

Көп жыл күттім. Бәрі ұнайды. Өте қуаныштымын. Балаларым жанымда, мектеп іргеде. Шағын ауданымыз қайта жанданып, басқа адамдар сияқты өмір сүреміз деген ниеттемін.

Саран қаласының әкімі бұл аймақты қалпына келтіруге толық мүмкіндік бар дейді. Биыл 9 үйді қалпына келтіру жоспарланып отыр, оның 4-еуі жеке қаражат есебінен жүргізіледі. Қала тұрғындарына 300-ден астам пәтер беріледі. Бүгінде шамамен 900 адам өз кезегін күтіп отыр.

Ержан Темірханов  Саран қаласының әкімі:

РТИ ықшамауданының аумағында 106 үй бар. Олардың ішінде, сол тұжырымдарға сәйкес, 50% қалпына келтіруге жатады. Сот арқылы заңды түрде тазартылған және коммуналдық меншік балансына өткізілген үйлер ғана қалпына келтірілуде.

Жыл сайын мұнда шамамен 9-10 үй қалпына келтіріледі. Мұндай қарқынмен алдағы алты жылда 50-ден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, мұнда балабақша мен спорт кешенін салу жоспарланған.