Коронавирустан емделіп жатқан 420 науқастың жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды.

26 маусымдағы деректер бойынша бүгінде елімізде 22 878 адам коронавирус инфекциясынан (21 576 КВИ+ және 1 302 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 806 пациент стационарда, 16 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 420 адамның жағдайы ауыр,

- 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.