Қызылорда мейрамханаларында екпе салдырғандарға арнайы жеңілдік жасалады

Екпе алған қызылордалықтарға дәмхана және мейрамханаларда арнайы жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ұсынысты 10 мейманхана жалғап әкеткен. Облыс орталығында Ashyq қосымшасына қосылған 150 кафе-ресторан бар. Қазіргі таңда қызмет көрсету саласындағы мекеме ұжымдары вакциналауға белсенді түрде қатысып жатыр.

Бектас Нұридинов, қала әкімінің орынбасары:

- 5 жағдайда өкінішке орай «қызыл» статуспен кіремін деп анықталған. Қазіргі таңда сол 5 азаматқа заң аясында әкімшілік хаттама толтырылып, қатаң бақылауға алынды. Яғни бұл Ashyq бағдарлама аясында «қызыл» статуспен жүрген азаматты анықтау мақсатында қарастырылған.

Жағыппар Ақғалым, мейрамхана әкімшісі:

- Қызметкерлер арнайы екпе жұмыстарын қабылдады. Ұжымдағы 30 адам барлығымыз қабылдадық. Вакциналау дегеніміз әркім өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін, әркімнің денсаулығы өз қолында ғой. Сол себепті денсаулыққа қамқорлықпен қарау болып табылады.

Сондай-ақ...