Павлодардағы белсенді жастар есірткімен күреске атсалысып жүр

«Соңғы кездері жастар арасында жасанды есірткіге тәуелділік артқан», - дейді өкілетті орган мамандары.

Құмар тартуға құлшынғандардың қатарын сирету үшін насихат жұмыстары да табанды жүргені дұрыс. Мысалы, Павлодардағы белсенді жастар есірткімен күресу мақсатында мақсатында фестиваль ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын ұстанушылар жаппай жүгіру марафонына қатысты. Ал жергілікті көркемсурет мектебінің оқушылары осы тақырыпта сурет салды. Соңғы уақытта өңірдегі тәртіп сақшылары есірткі тасымалымен айналысқан бірнеше қылмыстық топты ұстады. Және олардан бір келіден асатын синтетикалық есірткі зат тәркіленді.

Светлана Темірғалиева, Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің  жетекшісі:

- Нашақорлықтың алдын алу – біздің басты мақсатымыз. Осы күрделі мәселеге көпшіліктің назарын аудартсақ деймін. Жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелегеніміз абзал. Ол үшін спорт пен өнердің алар орны ерекше.

Дильназ Шыныбекова, көркемсурет мектебінің оқушысы:

- Біз осындай шараларға әрқашан белсенді қатысуға тырысамыз. Себебі өнер өмірдің сұлулығын бейнелеп, тамашалауға мүмкіндік береді.