Нұр-Сұлтанда бильярдтан Ақселеу Сейдімбекті еске алу турнирі басталды

Елордада бильярдтан Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дода Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатыр. Турнирде ұзын-ырғасы 40 шақты адам екі топқа бөлінген. Дәстүрлі сайыста алаш ардақтысының көзін көрген журналист, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары бар. Жарысты ұйымдастырушылар тіпті шар түсірмеген ойыншыға да жүлде ұсынуды жоспарлап отыр.