425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтын 350 түлек тәмамдады

  • 245
  • UPD: 15:17, 26.06.2021
Бүгін Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтын 350 түлек тәмамдады

Бүгін Алматыдағы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтын биыл 350 түлек тәмамдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, 7 қырғызстандық және тәжікстандық 11 азаматта лейтенант шенін алды. Институт офицерлік кадрлерді 10 мамандық бойынша даярлайды. «Елімізге заман талабына сай мықты әрі кәсіби дайындалған әскер қажет. Кәсіби қабілет үздіксіз шыңдалу керек», - дейді оқытушылар.

Бауыржан Досжанов, түлек:

- Біз сарбаздармен бірге қызмет етеміз оларды біз тәрбиелейміз. Сол жағынан бізге үлкен тәрбие берді деп айта аламын. Және одан басқа да қару-жарақпен және әскери техникаларды құрылымдарын, оларды қалай пайдалану керек екенін,әскери қару-жарақтармен қалай ату керек екенін үйретті. Одан басқа да көптеген тәрбиелік және мораль психологиялық қамтамасыз етумен дайындады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы