424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

  • 164
  • UPD: 17:17, 26.06.2021
Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

Дүйсенбіден бастап Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі. Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады.

Тұрғындар қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. 65 жастан асқан адамдарға қажет болмаған жағдайда сыртқа шықпауға кеңес беріледі.

Сквер, жағалау, саябақтарда, өзге де демалыс орындарында 3 адамнан артық топтасуға болмайды. Көпшілікпен өтетін іс-шараларға тыйым салынады. Түнгі клуб, караоке, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселер мен кинотеатр, театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұл қаулысы 28 маусым сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы