Нұр-Сұлтанда қызметкерлері вакциналанбаған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакциналанған қызметкерлердің қатары аз болса нысанның жұмысы тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл әлеуметтік нысандар, яғни қолжетімді, жеңілдікті тұрғын үй, оқу орындары, аула клубтары және т.б. нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездестік. Жұмыс жоспарын талқылап, уақытын белгіледік. 

Эпидемиологиялық жағдайды және нысанда жұмыс істейтін адамның көптігін ескере отырып, міндетті түрде вакциналау ұсынылды (медициналық тұрғыда рұқсат етілмегендерден бөлек). Вакциналау нысанда жұмыс істейтін қызметкерлерді және олардың отбасыларын, сондай-ақ айналасындағы жұртты қорғайды. Осылайша коронавирустың таралуы тоқтайды. 

Вакциналанған қызметкерлердің қатары аз болса нысанның жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Себебі елордамыз бен тұрғындарымыздың қауіпсіздігі бәрінен жоғары», - деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ...