Коронавирусқа шалдыққан 458 адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусинфекциясына шалдыққандар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».



27 маусымдағы мәлімет бойынша 23 552 адам коронавирус инфекциясынан (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

– 7 015 пациент стационарда,

– 16 537 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 458 адамның жағдайы ауыр,

– 107 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.