Ақтөбе облысындағы тас жолда автобус аударылып қалды

Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат 27 маусымда Самара-Шымкент тас жолының 916 шақырымында, Бөгетсай ауылының маңында болған.

«Паз-32054» автобусының жүргізушісі жол жүрісі ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған уақытта көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түсті, – деп хабарлады ПД өкілдері.

Автобус Ақтөбенің Ырғыз ауданы, Калинин ауылынан отбасылық іс-шарадан келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.