Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап карантин тәртібі күшейді

Жаңа қаулыға сәйкес, боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрларға, бильярд, караоке, түнгі клубтарға және букмекерлік кеңселерге баруға шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін нысандарда ғана еске алу шараларын өткізуге рұқсат. Өзге бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған. Енді демалыс күндері мейрамханалар жұмыс істемейді. Тек жазғы алаңдар ашық болады. Сауда-ойын сауық орталықтары жұмыс күндері кешкі 17:00-ге дейін ғана ашық. Бұл нысандар сенбі, жексенбіде жабылады. Ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің емтихандары қашықтан өтеді.