«Спутник V» вакцинасын аяғы ауыр әйелдерге салу бойынша нұсқау жарияланды

«Спутник V» вакцинасын өндірушілер жүкті әйелдерге екпе салу жөнінде жаңа нұсқау жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәлімдемеде жануарларға жүргізілген сынақта вакцинаның жүктілікке кері әсері байқалмағаны айтылған. Дегенмен, сарапшылар құрсақтағы сәбиге қауіпсіз болатындай жағдайда да ғана екпе салуға кеңес береді. Сондай-ақ Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург 12 мен 17 жас аралығындағы 350 жеткіншек «Спутник V» вакцинасының клиникалық сынағына қатысатынын жариялады.

Сондай-ақ...