Кешелі бері елордада карантин талаптары қатаңдады. Өзгерістер қала өміріне, тұрғындарға қалай әсер етеді?
Бұл сұраққа Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жауап береді.
Жаңа қаулыға сәйкес, мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компанияларда екпе алмаған қызметкерлер онлайн жұмысқа көшуі тиіс. Ол талап енді вакцина алғандар мен ковидпен ауырғандарға жүрмейді.
1. Осы тұста заңды сұрақ туындайды: егер жұмысшылар вакцина қабылдаудан бас тартса оларға қандай шара қолданылады? Жұмыс беруші оларды қысқартуға жібермей ме? Осы сұрақ заңмен қалай реттеледі?
- Екпе алу әр адамның өз еркі дейміз. Бірақ біздегі жағдай мәжбүрлеу болып жатқан сияқты. Түптеп келгенде саясат жұрттың бәрін вакцина алуға көндіру секілді көрінеді.
- Нұр-Сұлтан «қызыл аймақта» «жатып алды». Жағдай шынында да тым күрделі ме? Жалпы өзі емдеу орындарындағы жағдай қалай? Дәрі-дәрмек, төсек орын жеткілікті ме?
- Мамандарда қандай да бір болжам болатыны анық. Елорданың ендігі ахуалы қандай болады деп ойлайсыз? «Сары» немесе «жасыл аймақтағы» күнді көретін кез жақын ба?