Атырауда хабар-ошарсыз кеткен 5 жасөспірім үйлеріне қайтарылды

Атырауда хабар-ошарсыз кеткен бес жасөспірім үйлеріне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 маусым күні бір тәулікте Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша бес хабарлама келіп түскен. Оның ішінде төрт жасөспірім үйінің алдынан шығып кетіп, өзінің аумағынан алшақтап жоғалған болса, бір жасөспірім ата-анасымен сөзге келіп, тұрғылықты мекенжайынан шығып кеткен. Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдер полиция қызметкерлерімен 2-3 сағат ішінде табылып, ата-аналарына табысталды.

Мысалы, 2021 жылдың 24 маусым күні сағат 21:22 шамасында 102 операторына 32 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, Қара өзек көшесінде өзінің төрт және бес жастағы жасөспірім ұлдары ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығын айтып хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша екі жасөспірімді полиция қызметкерлері іздеп, аман-есен ата-анасына табысталды.