424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда туыстарын өлтірді деп айыпталған алматылық жігіттің соты басталды

  • 109
  • UPD: 16:53, 28.06.2021

Петропавлда туыстарын аяусыз өлтірді деп айыпталған алматылық жігіттің соты басталды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда 30 жастағы жігіт наурыз айында қалаға қонаққа келіп, бүтін бір отбасын пышақтап кеткен.

Қанды оқиғада күдіктінің немере інісі тірі қалған еді. Ол сот отырысында қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Күдікті 30 жастағы Бекболат Ғабдуллин. Бұрын әскери қызметкер болған. Ұсталғанға дейін жұмыс істемеген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол наурыздың 9-ы елордадан Петропавлға келіп, немере інісінің үйінде қонақта болған. Туысының коттеджде бай-қуатты тұратынын көрген оның бірден қылмыстық ойы пайда болады. Түнде кафеден ішіп келген жігіт немере інісін темекі шегуге шақырып, арқасына бірнеше рет пышақ сұққан. Қанжоса болған ол екінші қабатта ұйықтап жатқан әжесінің бөлмесіне барып, телефонмен ағасына хабарласып, есінен танып қалған. Артынан келген Бекболат Ғабдуллин ұйықтап жатқан 89 жастағы әжесінің кеудесі мен ішіне бірнеше рет пышақ сұққан. Кейін дәл солай оның қызы 48 жастағы әйелді азаптаған. Екеуі де ауруханада жан тапсырды. Қандықол «қонақ» онымен тоқтамай оянып кеткен немере інісінің әйелі мен кішкентай қарындасының бөлмесіне барып, ақша талап еткен. Сол кезде хабар алған ағалары келіп үлгіріп, күдіктіні ұстап полицейлерге тапсырды. Бүгін прокурор айыптау актісін оқып, күдіктінің тірі қалған немере інісінен жауап алынды. Ғабдиллин кінәсін мойындады. Бірақ толық емес. Ол өлтіремін деген ойым болған жоқ деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы