424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы қайтадан «сары аймаққа» кірді

  • 194
  • UPD: 18:49, 28.06.2021
Ақтөбе облысы қайтадан «сары аймаққа» кірді

Соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі өскен.

Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус, ал бес тұрғыннан пневмония анықталыпты. Инфекциялық бөлімшелерде 100-ден аса науқас емделіп жатыр. 18 адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің бақылауына алынғандардың ішінде балалар мен жүкті әйелдер де бар. Эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстап отырған мамандар қауіпті дерттен сақтанудың жолы вакцина екенін тағы бір ескертті.

Бекболат Ізбасаров, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Облыстың «сары аймаққа» өткеніне байланысты осы аурушаңдықтың көтерілгені байқалып жатыр. Сонымен қатар, ауруханаларға жатқызу көрсеткіші де шамалы көбейіп бара жатыр. Сондықтан тұрғындарға ескеретін жайт, біріншіден, вакцина алуыңыз қажет және туыстарыңызға, достарыңызға, ұжымыңыздағы адамдарға сақтану шараларын ескертуіңіз қажет.

Хабар 24 телеарнасы