Валентина Матвиенко Елбасын қала күнімен құттықтады

Елбасы Ресейдің Федералды жиналысы Федерация кеңесінің төрағасымен кездесті.

Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан қала күнімен құттықтады. Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толатынын атап өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемдік қауымдастық құрметтейтін мемлекетке айналды деді Валентина Матвиенко. Елбасы өз кезегінде алдағы уақытта да екі ел арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызына тоқталды. 

Валентина Матвиенко, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге үлкен алғысымды білдіремін. Сізді келе жатқан 6 шілде – қала күнімен құттықтаймын. Сіздің бұл жаңа қалаға, Қазақстанның жас астанасына тікелей қатысыңыз бар. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. 30 жыл бір сәттей өте шықты. Қазақстан әлемдік қауымдастық құрметтейтін мемлекетке айналды. Аты қалыптасқан, ішкі-сыртқы саясаты қалыптасқан елге айналды.