«Қаланы шулатпақ» болған күдікті қолға түсті

Елордада қару асынып, қырғын жасаймын деген әумесер қолға түсті.

Полиция 23 жастағы жігітті қамауға алғанын мәлімдеді. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті әлеуметтік желідегі парақшасына қару асынған суретін жүктеп, «қаланы шулатам» деген жазба қалдырған еді. Сөйтсе, бұл жігіт страйкбол ойнағанды жақсы көреді екен. Қолындағы қаруларды да сол ойында пайдаланады. Полиция қызметкерлері осылай дейді. Ол бұл қылығы арқылы әлеуметтік желіде оқырмандар санын көбейтіп алуды ойлаған сияқты.