424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вице-министрлерге қатысты сот процесі қайта жалғасты

  • 113
  • UPD: 01:27, 29.06.2021

Елордада Энергетика министрінің бұрынғы орынбасарлары Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты сот процесі қайта жалғасты.

Оларға бюджеттен бөлінген 2 жарым млрд теңгені қолды қылды деген айып тағылған. Бұл қаражат Щучинск-Бурабай курортық аймағындағы Қарасу көлін тазарту үшін бөлінген еді. Алайда күдіктілердің қорғаушылары айыптаушы тарап ешбір дәлел ұсынған жоқ деп, бұрынғы шенділерді бостандыққа шығаруды сұрап отыр. Олардан бөлек, осы іске қатысы бар деген тағы 6 адам күдікке іліккен.

Айта кетейік, бұл іске қатысты сот процесі 2019 жылы басталған. 

Хабар 24 телеарнасы