424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпке қатысты сот үкімі шықты

  • 126
  • UPD: 01:17, 29.06.2021

Атышулы «Олимп» қызметкерлері 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық соты букмекерлік кеңсеге қатысты үкімін оқыды. Осы іс бойынша сотта 11 адам жауап берсе, тағы 9-на іздеу жарияланған болатын. Бұл азаматтарға бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болу, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, салықтан жалтару, қылмыстық жолмен тапқан ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру сияқты әрекеттер болды. Сот үкімі бойынша осы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Сотталушылар өз кінәсін мойындамаған. Сот үкімі 15 күннен кейін заңды күшіне енеді. Оған дейін сотталушылар апеляциялық шағым түсіре алады.

Абай Жарылқасын, Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінің хатшысы:

– Соттың үкімімен осы тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, осы 95 млрд теңгені өндіруді сот міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Және осы апеляциялық сатыда қайта қаралуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы