424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саябақта көмілген арыстанның иесі табылды

  • 128
  • UPD: 23:04, 28.06.2021

Қарағандының орталық саябағына көмілген өлі арыстанның иесі анықталды.

Жабайы аң жеке меншік зообаққа тиесілі екен. Хайуанның неден өлгені әзірге жұмбақ. Үш ай бұрын ғана сол зообақ мамандары көшеде арыстанды көлікке мінгізіп, халықты бір дүрліктірген еді. Сол кезде Экология министрлігі ресми мәлімдеме жасап, жеке зообақтарды жабу қажеттігін айтқан. Ал бизнесмен айыппұл төлеп құтылған еді. Енді, міне, арыстанның өлексесі табылды. Бұл жағдай жөнінде мекеме әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартты. Қазір полиция 45 жастағы қала тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғаған.

 Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316 бабына сай қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкері оның 45 жастағы иесін анықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы