Алматыда «үнді штамы» елуге жуық адамнан анықталды

Жалпы бір тәулікте 215 тұрғын коронавирус жұқтырған.

Яғни соңғы аптада мегополисте ауру жұқтыру көрсеткіші 2 есеге артты. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Енді көпшілік жиналатын орындар жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Мәселен, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін ғана ашық болады. Сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді. Ал мейрамханалар мен кафелер Ashyq қосымшасы арқылы сыйымдылығы 50, кинотеатрлар мен театрлар 30 процент көрсеткішпен қызмет көрсетпек. Спорттық шаралар мен діни рәсімдер тек ашық аспан аспан астында өтеді. Сонымен қатар, қызметкерлері түгелдей вакцина алған мекемелер жұмыстарын жалғастырады. Екпе алмаған мамандар онлайн жүйеге көшіріледі.

Жандарбек Бекшин, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Біз бүгінгі таңға дейін 131 сынама жасадық, оның ішіндегі құрамын қарасақ, 77 жағдай 59 пайызын құрайды. Бұл британиялық «альфа» штамы. Ал Үндістан штамы «Дельта» 46 жағдай, ол 35 пайызын құрайды. Сонымен қатар 2 сынамада Оңтүстік Африка штамы және 1 сынама Нью-Йорк штамы анықталды. Бұл жұмыс тәулік бойы жасалып жатыр. Өсуі өте тез.