424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

  • 125
  • UPD: 23:08, 28.06.2021

Республикамыздың белді арналарындағы журналистер өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңесін айтты.

Іс-шарада «Хабар» Агенттігінің, «Қазақстан» Ұлттық арнасының басқарма өкілдері, Журналистика академиясының академигі, «Медиа дамыту қорының» директоры, блогерлер және Парламент Сенатының депутаттары сөз сөйледі. Қатысушылар отандық журналистика деңгейін көтеру жолдарын талқылады.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

– Журналист мамандығын таңдаған адам дұрыс қадам жасады деп ойлаймын. Журналистика – қашан да ізденуді, өзіңді дамытып отыруды қажет ететін сала. Кәсіби өсу үшін де, оларға батылдық, қарым-қатынасты орната білу, тұлғалық даму және мол тәжірибе керек.

Хабар 24 телеарнасы