424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте банкет залдарының жұмысына тыйым салынды

  • 782
  • UPD: 00:37, 29.06.2021
Шымкентте банкет залдарының жұмысына тыйым салынды

Жаңа қаулыға қаланың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері қол қойды.

Отбасылық мерекелік шараларды өткізуге болмайды. Ал қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс уақытын қысқартты. Дәмханалар мен мейрамханалар таңғы жетіден түңгі он екіге дейін қонақ қабылдай алады. Ал «Ashyq» жобасына қатысушыларға екі сағат артық жұмыс істеуге болады. Театрлар мен кинотеатрлар және концерт залдарының толымдығы 20 процент болуы тиіс. «Ashyq» жобасы болса, 40%-ке дейін рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы