Қостанай облысында құтыру дертіне байланысты шектеу енгізілді

Қостанай облысының Первомай ауылында шектеу енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада осы елді мекенде екі сиырдан құтыру дерті анықталған болатын. Ауру мал 300-ден астам ірі қарасы бар шаруашылықтан шыққан еді. Індеттің ошағын жою үшін зарасыздандыру жұмыстары жүргізіліп, барлық мал ветеринарлық бақылауға алынды. Құтырып өлген сиырлардың өлексесі өртеліп, ауыл карантинге жабылды.

Нұрбол Қосанов, Первомай ауылының әкімі:

– Шектеу шаралары қойылды. Ауылдан мал шықпайды, мал сатып алынбайды. Мал әкелінбейді сырттан. Бұл екі айдың көлемінде болады. Қалған малдарға вакцина жүргізілді. Сондай-ақ малшылар да вакцина алды.