Елордада коронавируспен ауыратындар саны соңғы аптада екі есе өсті

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциямен ауыратындар саны екі есе артты.

Оған карантин талаптарының сақталмауы мен «Үнді штаммының» таралуы себеп болып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «Елорда тұрғындарын вакцинациялау» тақырыбында өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай өзгеріссіз, қала әлі де «қызыл аймақта» тұр. Елордада 11 маусымнан бастап науқастардың саны артты, соңғы аптада сырқаттанғандар саны тәулігіне 350-ден 620-ға дейін көбейді. Тиісінше апталық көрсеткіш 2,8 есеге артты.

«Соңғы аптадағы ауру деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 65 пайызға өсті (өткен аптада 2144, қазір – 3544). Апта ішіндегі сырқаттанушылық көрсеткіші – 298,2 құрады. Репродуктивті саны – 1 315», – деді Сархат Бейсенова.

Жыл басынан бері қалада сырқаттанғандар саны 45 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 63 968 жағдай тіркелді (оның ішінде 43 866 – симптомдық және 20 102 – симптомсыз).

Ересектер әлі де CОVІD-19 індетін жылдам жұқтырады, олар жалпы науқастың 79%-тен астамын құрайды. Бірақ сонымен бірге егде жастағы науқастар 20-дан 39 жасқа дейін өзгерді. Олар – салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар.

«Аурудың күрт өсуін ескере отырып, науқастардан ПТР сынама жүргізілді. Алдын ала нәтиже бойынша 56% жағдайда аса қауіпті «Үнді штаммы» деп аталатын «Дельта штаммына» тән мутация байқалды», – деді Сархат Бейсенова брифингте.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының карантиндік шараларды сақтамауы, сондай-ақ вакцинацияланудың төмен көрсеткіші қала аумағында «Үнді штаммының» таралуына себеп болып отыр.