424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда локдаун жарияланатыны туралы ақпарат – жалған

  • 99
Қазақстанда локдаун жарияланатыны туралы ақпарат – жалған

Қазақстандықтар алдағы локдаун туралы ақпаратпен бөлісуде.

Пайдаланушылардың айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл аймақта», сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды. Дегенмен бұл – жалған ақпарат, деп хабарлады stopfake.kz.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда алғаш рет Үндістанда табылған Delta-штамның таралуына байланысты КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелуде. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл аймаққа» кірді. «Сары аймақта» Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер «жасыл аймақта» тұр.

Хабар 24 телеарнасы