Шілде шіліңгір ыстығымен келгелі тұр

Жаз басталмай жатып сусап отырған жұрт шілде шіліңгірінде қайтпек?

Шілденің алғашқы күндері елорданың өзінде күн 37 градусқа дейін ысиды. Ал синоптиктер ертең бірнеше өңірде ескерту жариялады. Әсіресе батыс аймақтарда күн 42 градусқа дейін жетеді. Атырауда күшті жел соғады. Ал оңтүстік өңірлерде термометр бағаны 44 градусты көрсетеді. Теріскейде де күн ыстық. Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт қаупі жоғары.

Сондай-ақ...