Атырауда вакцина салдырушылар арасында ақшалай ұтыс ойнатылады

Атырау облысы 26 маусымнан бастап «қызыл аймаққа» енді. Өткен тәулікте 66 адамның коронавирус дертін жұқтырғаны анықталған.

Бұған жазғы маусымда жүріс-тұрыстың көбеюі мен тұрғындардың салғырттығы себеп. Вакциналау да көңілдегідей емес. Бүгінде облыс бойынша 120200 адамға екпе салынса, оның 117 мыңы толық вакцина алғандар. 620 мыңнан астам тұрғыны бар өңір үшін бұл әлі де аз екені белгілі. Осыған орай екпе алушыларды ынталандыру мақсатында «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» жаңа бастама көтерді.

30 маусымнан бастап вакцина салдырушылардың арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылады. Ұтыс ойынының жүлде қоры 40 млн теңге. Егер кәсіпкерлер арасында демеушілік етуге ниетттілер көбейсе, жүлде қоры да толығады. Жалпы ұтыс ойындары 30 маусымнан 30 қазанға дейін жалғасады.

Әлібек Семғалиев, облыстық «Азаматтық альянс» бірлестігінің төрағасы:

- 30 маусымнан бастап он күн сайын 200 мыңнан 10 адамға тоғыз рет ойнатамыз. Ертеңнен бастап індетке байланысты екпені алған адамдар 10 шілдеге дейін алған адамдардың санын лотореяға ойнатамыз. Ол электронды болады. Сол ұтқан адамдардың есеп-шотына ақша аударылады. Ол 10 күн сайын қайталана береді. Бұл жерде екпені бірінші, екінші алғандар деп бөлінбейді. Екпе алғандардың бәрі қамтылады.

Сондай-ақ...