Covid-ке қарсы вакцинаны кімдер алмайды?

Иммундық терапия қабылдап жатқан науқастар, онкологиялық есепте тұрғандар мен жүкті әйелдерге вакцина салуға болмайды.

Дәрігердің медициналық анықтамасы осы топтағы адамдарға беріледі. Ал бұл құжат аллергиясы бар жандардың бәріне бірдей үлестірілмейді. Короновирусқа қарсы екпені тағы кімге алуға болмайды?

Айдана Аязбекқызы, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Иммундық терапия қабылдап жатқан науқастар, онкологиялық науқастар, жүкті әйелдер, есептік жүйеде тұрған науқастар болсын, міндетті түрде ВКК анықтама береміз. Ол жерде учаскелік дәрігер, емдеу дәрігері және ем жөніндегі орынбасары қол қойып береді. Учаскелік дәрігер келген адамның аты-жөнін бөлім меңгерушісіне әкелуі мүмкін. Бөлім меңгерушісі порталдан қарайды, егер сонда болса ғана, учаскелік дәрігерге рұқсат береді.

Вакцинация орталықтарында егілуге асыққандар қатары көп. Әлі екі ойлы болып жүргендер де бар. Тек жүкті және бала емізетін аналарға вакцина салмайды. Әсіресе, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдердің көңілі күпті. Ал мамандар болса, бала көтермей тұрып егілген жөн дейді. 

Айдана Аязбекқызы, жалпы тәжірибелік дәрігер:

– Жүктілік әлі жоқ, бойына бала бітпеген әйел бірінші вакцинаны екі компанентін де алып, содан кейін ғана жүктілікті жоспарласа болады. Себебі қазір жүктілердің арасында короновирус көп тарап жатыр. Одан кейін туылған балаларда да вирус оң нәтиже беріп жатыр. Міндетті түрде алыңыздар.

Ал маусымдық аллергиясы бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Аллергологтар оларға ауруынан айыққан соң міндетті түрде вакцина алу керектігін айтады.

Рафаил Розенсон, аллерголог-иммунолог:

Вакцина егілген адамда короновирусқа қарсы антиденелер өте жақсы қалыптасады. Яғни ауру жұқтыру ықтималдығы төмен. Қазір вирус мутацияға ұшырап, қауіп сейілмей тұр. Үнді штамының тез жұғатынын айтып жатырмыз. Мүмкіндігінше вакцина салдырып, антидене қалыптастыру қажет. Жалпы әр адам өз денсаулығы үшін алаңдауы керек.

Мамандар ұжымдық иммунитет қалыптаспай, короновирустан құтылар жол жоқ деп отыр. Сондықтан бұл дерттің жойылуына әр адам вакцина алу арқылы үлес қоса алады.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Наурыз Базаров

 

Сондай-ақ...