Кореяда тұңғыш рет Қазақстанның құрметті консулы тағайындалды

Қазақстан-Корей қарым-қатынасы тарихында тұңғыш рет Корея Республикасында еліміздің құрметті консулы пайда болды.

Екі ел Сыртқы істер министрлерінің өзара шешімімен осы лауазымға Қазақстанда жұмыс істейтін компанияның Президенті Ко Донг Хён тағайындалды. Елшіміз Бақыт Дүйсенбаев оған құрметті консулдың куәлігін табыстады. Кәсіпкер Кореяның алты провинциясында республикамыздың атынан қазақстандықтарға қолдау көрсетеді, мәдени іс-шараларын өткізіп, қазақстандық және кореялық компаниялар арасындағы қатынастың дамуына ықпал етеді. Ко Донг Хён басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстанда 14 жылдан бері сәтті жұмыс істейді.  

Ко Дон Хён - Корея Республикасындағы Қазақстанның құрметті консулы:

- Мен Қазақстанның консулы ретінде тағайындалуыма байланысты аса үлкен жауапкершілік алғанымды сезініп тұрмын. Әр түрлі мәселелерді бірлесіп шешу үшін мен Кореядағы Қазақстан елшілігімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмын. Корея мен Қазақстандағы компаниялар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін алаң құруға тырысамын.