Маңғыстау облысында он екі ауыл әкіміне сайлау өткізіледі

Маңғыстау өңірінде шілде айында Бейнеу, Қарақия, Түпқараған ауданындағы ауыл әкімдері сайланады.

Халықтың өзі таңдау жасайтын сайлауға, әсіресе, Ақшұқыр ауылының тұрғындары ерекше қуанды. Себебі енді халықпен етене жұмыс жасайтын, елдің пікірімен санасып, қоғамның қамын ойлайтын адамды таңдауға мүмкіндік туатын болды дейді бұндағы жұрт.

Оңайбай Әбдірахманов, Түпқараған ауданының құрметті азаматы:

– Халықтың өз ішінен шыққаннан кейін, өзі таңдағаннан кейін жақсы нәтиже күтеміз, сапалы дүниелер күтеміз. Ауыл ішінде бірқатар істер атқарылып жатыр, бірақ жасалу керек жұмыс одан да көп. Ең бірінші ауыз су мәселесін реттеу керек.