Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» өтті

Қызылордада вирустың таралуы бәсеңдеп, өңір «жасыл аймаққа» оралды.

Қазір бұл санатта Қызылордадан бөлек тағы 6 облыс бар. Олар: Алматы, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Солтүстік және Шығыс Қазақстан. Ал қауіптің ең жоғары деңгейі әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстанда сақталып отыр. Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау «сары аймақ» тізімінде.