Ақтауда теңізде шомылған ер адам іздестірілуде

Құтқарушылар 29 маусым күні кешке Ақтау қаласының 4-шағын ауданындағы жағалауда шомылған 1993 жылғы жігітті іздеуде, деп хабарлады lada.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, жағадан 28 жастағы Ақтау тұрғынының заттары мен несиелік картасы табылған.

«Оқиға орнында 10 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, үш су көлігі, сондай-ақ екі техника сол жерде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіруде», - деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.

Олардың айтуынша, сағат 22:03-те полиция қызметкерлерінен теңізде суға түсуге тыйым салынған жерде ер адамға көмек қажет деген хабарлама түскен.