424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер салынады

  • 107
  • UPD: 13:06, 30.06.2021
Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер салынады

Соңғы үш жылдың ішінде қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды, деп хабарлайды елода әкімдігінің сайты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифингте қолжетімді баспана құрылысының қарқыны, тұрғын үй сертификатының көлемін ұлғайту және қатысушылар санатын кеңейту туралы қозғап өтті.

«Қала тұрғындарының маңызды және өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайтуды жүйелі жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, ал 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы осындай 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жақында әлеуметтік аз қамтылғандар арасында кезекте тұрған отбасыларға 400-ге жуық пәтер кілті беріледі. Әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр. Мысалы, Отау, Жағалау шағын аудандарында, Пригородный елді мекені, Ш.Құдайбердіұлы, Р. Қошқарбаев көшелерінде, жаңа вокзал ауданында және т.б.», - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санаты кеңейтілді: медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады.

Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін» бағдарламасы биыл да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жас баспаналы болады. Осы мың пәтерден бөлек, биыл жыл басында 350 жасқа пәтер кілті тапсырылған болатын. Сол сияқты 2021 жылы жастар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы (әлеуметтік кредиттеу) іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы