Үнді штамы үрей туғызып тұр

Алматыда жаңадан анықталған науқастардың 78% үнді штамын жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптаның өзінде қауіпті кесел 1,7 есеге тез тараған. Кеше мегаполисте тағы 253 тұрғынның сынамасы «ағзада ауру барын» көрсетті. Осы себепті эпидемиологтар халық аса сақ болмаса, мутациаланған вирус кезінде төсекке таңылу, асқынулар мен өлім-жітім күрт артуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Мамандарды алаңдатып отырған тағы бір жайт, індет, әсіресе, 30 бен 40 жас аралығындағы азаматттарға ауыз салып тұр. Сәйкесінше, көз жұмғандардың жас шамасы да едәуір жасарған.

Дәрігерлер қазір ел бойынша ем алып жатқан 500-ге жуық адамның жағдайы өте ауыр екенін айтады. 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.