423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана күнінде отшашу бола ма?

  • 209
  • UPD: 15:09, 30.06.2021
Астана күнінде отшашу бола ма?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 6 шілде – Астана күні қалай тойланатынын айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әрине, қала күні – тұрғындар үшін ерекше күн. Адамдардың тойлағысы келеді, оның үстіне көптеген адамдар мерекені күтіп жүр. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарларымызды өзгерттік. Жыл басында жоспарларымыз болды, бірақ қазір санитарлық дәрігерлердің талаптарын ескере отырып, жабық ғимараттардағы барлық шаралар онлайн форматқа көшуде, көптеген іс-шаралар тоқтатылды. Ал көшедегі шаралар әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптарды ескере отырып өткізіледі», – деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, әкім қала күні әлеуметтік бағытта өтетінін атап өтті.

«Біз көптеген үйлерді пайдалануға береміз, кезекте тұрған 400 адам пәтер алады, зағип балаларға арналған балабақша ашамыз, 20 көппәтерлі тұрғын үйді үлескерлерге пайдалануға береміз, қала шеттерінде дене шынықтыру кешені ашылады. Біз пайда әкелетін нақты жобаларға назар аударғымыз келеді. Отшашу жоспарланбайды», – деді.

 

Хабар 24 телеарнасы