Ақмолада алдағы күндері аптап ыстық болады

Ақмолада алдағы күндері аптап ыстық болады

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы 37, кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі.

Мамандар әзірге шілденің бірі мен екісінде күн қатты ысиды деп отыр. «Алайда, бұл жағдай 5-6 күнге созылуы да мүмкін», – дейді «Қазгидромет» филиалының өкілдері. Ал одан кейін ауа температурасы қайта қалыпқа түседі. Жауын жаууы да ықтимал

Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» филиалының бөлім жетекшісі:

– Тек шілденің бірінші он күндігінің аяғында кезекті циклонның келуіне байланысты Ақмола облысында жауын-шашын жауып, ауа температурасының төмендеуі байқалады. Жалпы шілде айына келетін болсақ, ауа температурасы норма шамасында деп күтілуде. 19-21 градус болады. Жауын-шашын облыстың солтүстік бөлігінде нормадан көп болады.