Азық-түлік бағасы тұрақтала бастады

Атырауда сәбіздің келісі 450 теңгеге түсті.

Бұған дейін 700 теңгеден сатылған еді. Сол кезде мамандар қордың таусылып, жазғы өнімнің келуімен түсіндірді. Ерте пісетін көкөніс түрлері өңірге Иран, Әзірбайжан мен Ресейден тасымалданады. Биыл пандемияға байланысты қатынас қиындап, қымбатшылық пайда болды. Қазір баға тұрақтала бастады. Апта басында Ресейдің Астрахань, Волгаград облыстарынан 130 тонна картоп, Әзірбайжаннан 200 тонна картоп жеткізілді. Олар жергілікті базарлар мен сауда орындарында сатылып жатыр.

Алтынай Ерубаева, қалалық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта Астрахань картобының бағасы көтерме саудада 150 теңге, бөлшек саудада 180-200 теңге болып тұр. Сәбіздің бағасына келетін болсақ, қазіргі уақытта сәбіз көтерме саудада 385 болса, бөлшек саудада 450 ден сатылып жатыр. Атырауда оншақты тасымалдаушы бар. Олардың қай жақтан қандай бағада әкеліп жатқанын және келесі бағас қандай болатынын анықтап, біліп отырамыз. Мониторинг жүргіземіз.