Алматыда «Дельта» штамын жұқтырғандар көбейді

Алматыда эпидемиологиялық ахуал қиындап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған себеп – «Дельта» штамын жұқтырғандар санының жылдам артуы. Қаладағы мутацияланған вирустардың қатарында «Дельта» штамының үлесі 78%-ке жетті. Бұл туралы қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардан алынған 46 сынама зерттеліп, оның 36 сынамасы «Дельта» штамын көрсеткен. Қалған 17%-і «британдық» штамм. Жалпы өткен тәулікте Алматыда 253 адам коронавирусқа шалдыққан. Эпидемиологтардың мәлімдеуінше, «Дельта» штамы вирустың өзге мутацияланған түріне қарағанда тез таралады.