Ақтөбе облысында шектеу шаралары күшейді

Бүгіннен бастап Ақтөбе облысында карантин күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағажайлар мен аквапарктердің қызметіне тыйым салынды. Банкет залдары, боулинг, бильярд, компьютерлік клубтар, театр мен балаларға арналған ойын-сауық нысандарының жұмысы тоқтады. Тек Ashyq қосымшасын қолданатын ұйымдар ісін жалғастыра алады. Қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне де шектеу қойылған. Айта кетейік, 28 маусымда індеттің таралуы бойынша өңір «сары аймаққа» өтті.

Гүлбану Дәулетова, облыстық СЭБД басшысының орынбасары:

- Бірқатар объектілерге жұмыс күндері жұмыс жасап, сенбі және жексенбі күндеріне локдаун болады. Олар атап айтсақ, ашық, жабық базарлар, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, сауна, фитнес, спорттық кешендері.