Павлодар облысында екпе салдыру көрсеткіші төрт есеге артты

Павлодарда соңғы тәулікте екпе алғандар саны 4 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбеккерлерді ынталандыру үшін бірқатар мекеме қосымша демалыс күнін енгізсе, сауда орындары жеңілдіктер ұсынған. Екпе жасатқандар арасында 1 миллион теңгенің ұтыс ойыны да жарияланды. Бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша екпе салдыру көрсеткіші 4 есеге артты. Вакцинаның бірінші компонентін 120 мың, екінші компонентін 80 мыңдай адам алған.

Ералы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының  бөлім басшысының м.а.:

- Халықтың 60%-інде тұрақты иммунитет қалыптасуы керек. Яғни, бұл облысымыздың 450 мыңға жуық адамы осы екпені алуы керек. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш бірінші компоненті 17%-ті құрайды және де екінші компоненттен 11%-ті құрап отыр.