425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

30-дан аса қазақстандық шетелге жалған ПТР-тест арқылы аттанған

  • 108
  • UPD: 19:35, 30.06.2021
30-дан аса қазақстандық шетелге жалған ПТР-тест арқылы аттанған

30-дан аса Қазақстан азаматы шетелге жалған ПТР-тест арқылы аттанған.

Бұл жөнінде Алматы әуежайы әуе тасымалдаушылар комитеті мәлімдеді. Енді әуежай жолаушыларды мұқият қадағаламақ. Яғни, әуежайға келген адамдардың ПТР тестіндегі QR-код сканермен тексеріледі. Бұл шараны барлық компаниялар қолдап отыр. Өйткені бір адамның дерегі жалған болса, бүкіл рейстің жұмысына кедергі келтіреді. Қазір біз ғана емес, барлық ел жолаушыларға қатаң талап қойып отыр.

Всеволод ким, Алматы халықаралық әуежайы әуе тасымалдаушылар комитетінің төрағасы:

- Егер ПТР сынамалары жалған болса немесе деректерге сәйкес келмесе біз құзырлы мекемелерге хабарласамыз. Көліктегі санитарлық бақылау қызметі мен әуежайдағы полиция бөліміне жағдайды айтамыз. Тиісті шараларды солар қолданады.

Хабар 24 телеарнасы