425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ковидке қарсы антиденеге сұраныс екі есе артты

  • 272
  • UPD: 21:40, 30.06.2021
Қарағандыда ковидке қарсы антиденеге сұраныс екі есе артты

Қарағанды облысында иммундық ковидке қарсы антиденеге деген сұраныс екі есе артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті қан орталығы донорларды шұғыл қан тапсыруға шақырды. Қазір облыс қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Тәулік сайын кемі 200 адамнан ковид анықталады. Ал, ауру жұқтырып, өкпесі қабынған науқастарға иммундық плазманың екі дозасы салынады.

«Бұдан науқастардың тең жартысының жағдайы жақсарады», - дейді дәрігерлер. Қазір стационарда ем қабылдап жатқан 1300 адам бар. Оның 50-ден астамы жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған қан орталығы 12 госпитальді плазмалық жасушамен қамтып отырғанын атап өткен жөн.

Оксана Чернышова, облыстық қан орталығының бөлім басшысы:

- Бізге тәулігіне 100-120 адам келеді. Сұраныс артқандықтан кемі 150-200 адамнан қан алу керек. Кез келген қан тобы болса да жарай береді. Әсіресе, КВИ-мен ауырған не екпе салдырған азаматтар болса. Тек ауырып жазылған соң 30 күн, ал вакцина салған болса 56 күн өткен болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы