425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бас мүфти қазақстандық QazVac вакцинасын салдыртты

  • 256
  • UPD: 23:40, 30.06.2021

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қазақстандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды. Наурызбай қажы шариғатта вакцина салуға тыйым салынбағанын атап өтіп, бүкіл халықты иммундау кампаниясына қатысуға шақырды. Оның айтуынша, коронавирусты тек екпе салғызу арқылы жеңіп, бұрынғы өмір сүру қалпына оралуға болады.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Жалпы ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала Құранда айтады, «өз қолдарыңызбен өз денсаулықтарыңызға қиянат жасамаңыздар». Пайғамбарымыздың хадисі бар. «Әрбір дертті Алла тағала оның шипасымен қоса жаратқан», дейді. Індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Біз де өзіміздің амандығымыз үшін елдің амандығы үшін алланың қалауыме некпе қабылдадым.

Хабар 24 телеарнасы