Алты өңір «қызыл аймақта» тұр

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Сары аймақта»: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары.

«Жасыл аймақта»: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.